Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 15 Шілде (12:21)
Біз әлеуметтік ауларда:
Официально

Язык: Қазақша

2020 жылға мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктері

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы электрондық конкурстың атаулары:

«Қарағанды облысында футболды дамыту» жобасын жүзеге асыру.

Қарағанды облысының атынан футбол бойынша республикалық жарыстарға дайындау және қатыстыру, команда мен қызметкерлерді қаражат бөліп ұстау конкурсына қатысу әдісімен қызметті мемлекеттік сатып алу.

Мақсаты.

Қарағанды облысының футболдан құрама командасын республикалық спорттық жарыстарға: Чемпионаттарға, Біріншіліктерге және Кубок ойындарына дайындау және қатыстыру. Өңірде бұқаралық футболды дамыту.

Міндеттері.

Футболдан Премьер-Лига, Бірінші лига, Екінші лига, Футбол Орталықтарының, Әйелдер командаларының және 2020 жылғы маусымда командалар (Клубтар) арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаттары мен Біріншіліктеріне, футболдан Қазақстан Республикасының Кубогы үшін ойындарға қатысу.  Өңірдегі тұрғындарды бұқаралық футболмен қамту. Аулаларда және ауылдық округтерде шеберлік сыныптарын өткізу. Тірек-қозғалыс аппараттарының жұмысы бұзылған мүгедек балалар арасында футболды дамыту. Білім беру ұйымдарында футбол сабағын әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету.

Нәтижесі.

Ықтимал жеткізіп берушіның міндеттері:

-  Премьер-Лига командалары арасындағы ҚР чемпионатына дайындалу және қатысу, Премьер-Лигаға мүшелікті сақтау.

-  Бірінші Лига командалары арасындағы Біріншілікке дайындалу және қатысу;

-  Екінші Лига командалары арасындағы Біріншілікке дайындалу және қатысу.

-   Футбол орталғының командалары арасындағы Біріншілікке дайындалу және қатысу.

Аудитория.

Мақсатты аудитория – спорт жарыстарына келген және/немесе ТВ және/немесе интернет трансляция арқылы көрген Қарағанды облысының көрермендері.

Мерзімі: Бекітілген спорттық күнтізбеге және Қазақстан Республикасы Чемпионаттарының, Біріншіліктерінің және Кубоктарының жарыстарын өткізу форматына сәйкес 2020 жыл бойы қызмет көрсету.

Қызмет көрсету орны: Спорттық күнтізбеге және жарысқа қатысушылардың бекітілген тізіміне сәйкес, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Теміртау қаласы және Қазақстанның басқа да қалалары.

 

Осы мемлекттік сатып алуларға қатысуға тілек білдірген ықтимал жеткізіп берушіге қойылатын талаптар:

Жекелей сәйкес келуі және/немесе жұмыс істеп тұрған футбол клубымен келісім-шарт міндеттемесі болуы және/немесе өзінің құрылымында 2020 маусымда КФФ (Қазақстан Футбол Федерациясының талаптары мен ережелеріне сәйкес алған) «Қазақстан Футбол Федерациясы» Қауымдастығы» ОЮЛ (Заңды тұлғалар қауымдастығы) өткізетін Премьер-Лига клубтары арасындағы Чемпионатқа қатысуға құқығы бар жұмыс істеп тұрған футбол клубы (куәландыру үшін келісім-шарт тіркеледі) болуы қажет. Футболдан Премьер-Лига, Бірінші лига, Екінші лига, Футбол Орталықтарының, Әйелдер командаларының Қазақстан Республикасының Чемпионаттары мен Біріншіліктеріне және 2020 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Кубогы үшін ойындарға қатысуға футбол клубтары мен командаларына қойылатын талаптарды орындауды мыналарға сай қамтамасыз етуі:

  • Қазақстан Футбол Федерациясының (КФФ серификаттауы бойынша ереже) өткізетін жарыстарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының футбол клубтарының сертификаттары бойынша ережеге;
  • Премьер – Лига клубтары арасындағы футбол бойынша Қазақстан Республикасының 2020 жылғы Чемпионаттарының регламентіне;
  • Бірінші Лига клубтары арасындағы футбол бойынша Қазақстан Республикасының 2020 жылғы Чемпионаттарының регламентіне;
  • Екінші Лига клубтары арасындағы футбол бойынша Қазақстан Республикасының 2020 жылғы Чемпионаттарының регламентіне;
  • 2020 жылғы футбол маусымында Қазақстан Республикасының Кубогы үшін ойындарының регламентіне;
  • 2020 жылғы футбол маусымында Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Кубогы матчтарын өткізудің техникалық регламенттеріне;
  • 2020 жылғы футбол маусымында әйелдер командасы арасындағы Қазақстан Республикасы Чемпионаттарының регламенттеріне;

2020 жылғы маусымда Премьер-Лига мен Бірінші Лига жасөспірімдер мен жастар командалары кубогында футболдан Қазақстан Республикасының Біріншілігін өткізу туралы Ережеге.

 

Ойын маусымының басталар алдында мыналарды

қамтамасыз етеді (2020 жылдың наурыз, сәуірі):

 - 2020 жылғы спорттық маусымда Қарағанды облысының атынан ҚФФ өткізетін жарыстарға қатысу үшін футбол клубын сертификаттау рәсімін өткізуге өтінім беруді жазбаша растау;

-  аккредиттелген өңірлік фубол федерациясының, Премьер – Лига клубтары арасындағы футбол бойынша ҚР Чемпионатының кем дегенде үш жыл қатарынан және Бірінші Лига клубтары арасындағы футбол бойынша ҚР Біріншіліктерінің  кем дегенде бір жыл қатысушы мүшесі болуы;

-  өзінің заңды тұлғасы бөлімшелерінде балалар мен жасөспірімдер және жастар футболы – футбол орталығы болуы, онда:

а) білікті қызметкерлер және тиісті дәрежеде инфрақұрылым;

б) құрылым орталығында кем дегенде жастары бойынша топта кем дегенде 18 адамы бар 15 команда;

в) жаттықтырушылар құрамында кем дегенде 16 адамнан тұруы, олардың жоғары білімі болуы, жаттықтырушылардың кем дегенде 70%-ның КФФ талаптарына сай «УЕФА» жаттықтырушысы санаты болуы (УЕФА дипломы бар жаттықтырушы УЕФА Жаттықтырушылар конвенциясына сәйкес мүшелік мәртебесіне сәйкес берілген УЕФА жаттықтырушысының дипломы бар УЕФА Жаттықтырушылар конвенциясын қолдану туралы УЕФА қосымшасына сәйкес жаттықтырушы болып табылады).

- командаға ойыншылардың медициналық байқаудан өтуі, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес спортшыларды бақытсыздық жағдайдан (спорт жарыстары және оған дайыындық кезіндегі және т.б. бақытсыздық жағдайларынан) сақтандыруы.

- командалардың қабылдайтын жарыстарына қарай (футболдан Премьер-Лига, Бірінші лига, Екінші лига, Футбол Орталықтарының, Әйелдер командаларының Қазақстан Республикасының Чемпионаттары мен Біріншіліктеріне және 2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Кубогы үшін міндетті турнирлерге қатысуға) бекітілген күнтізбелік ойындарға сәйкес КФФ, ПФЛК өткізетін барлық матчтарға (сырттағы және үйдегі) командалардың қатысуы.

- футболдан Қарағанды облысының командалары қатысатын матчтарды ТВ және/немесе интернет-ресурстардан көрсету.

 

Инфрақұрылымдарының болуы.

КФФ өткізетін жарыстар үшін өзінің иелігінде (меншік/жалдау) Қарағанды облысының аумағында негізгі және резервтегі (қосалқы) стадионы (куәландыру үшін келісім-шартты қоса тігу) болуы. (Стадиондар Премьер-Лига және Бірінші лига клубтары үшін стадион инфрақұрылымдары бойынша ең төменгі талаптарға жауап беруі қажет).

Өзінің иелігінде тұрақты негізде Чемпионаттардың, Біріншіліктердің ресми кездесулерін, клуб ойыншыларына оқу-әдістемелік сабақтар, футбол жаттығулары, дене шынықтыру жаттығуларын және қалпына келтіру шараларын өткізу үшін жыл бойы құрылғылары (меншік/жалдау) болуы қажет.

 

Еңбек ресурстары.

Футболдан Премьер-Лига, Бірінші лига, Екінші лига, Футбол Орталықтарының, Әйелдер командаларының Қазақстан Республикасы футбол командаларының (клубтарының) Чемпионаттары мен Біріншіліктеріне және Қазақстан Республикасының Кубогы үшін жарыстарға 2020 жылғы маусымда қатысу үшін командалармен жұмыс істеуге жоғары білімді, оған қоса «КФФ сертификаттауы бойынша ерже» талаптарына сай «УЕФА» жаттықтырушысы санаты бар білікті жаттықтырушылар тағайындауы қажет ("PRO"санатындағы 1 маманнан кем емес. "А" санаты-кемінде 6 маман, "В" санаты-кемінде 8 маман, "С" санаты-кемінде 8 маман).

Премьер-Лига, Бірінші лига, Екінші лига, Әйелдер командаларының және Қазақстан Республикасының Кубогы үшін 2020 жылғы ойын маусымы алдында ҚР Чемпионаттары мен ҚР Біріншіліктеріне және Қазақстан Республикасының командалары (клубтар) арасында Кубогы үшін жарыстарға және оның ішінде Қарағанды облысының атынан осы жарыстарға қатысуы үшін әрбір командаға 30 (отыз) адамға дейін жұмысқа қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

Қысқартылған сөздер:

КФФ – Қазақстан футбол федерациясы

«Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» ОЮЛ -  «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі

ПФЛК – кәсіби футбол лигасы

ФИФА – Халықаралық футбол федерациясы

УЕФА – Еуропа футбол қауымдастығы одағы

Дата редактирования: 25.12.2019

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика