Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 21 Маусым (05:33)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында пауэрлифтингшілерге құрмет көрсеткен баспасөз мәслихаты болып өтті.

Кездесудің басты қонағы екі мәрте (!) әлем чемпионы болып, әлемдік жаңа рекорд жасаған Қараман Абдулкаримов болды! Пауэрлифтинг бойынша халықаралық біріншілік 18 мамырдан 25 мамырға дейін Токио қаласында өткен еді. «Классикалық сығымдай көтеру» бойынша біздің жерлесіміз 59 кг салмақта алтын медальді жеңіп алды. Бұған қоса ол әлемдік рекордты жаңартты (175,5 кг)! Жапониядағы біріншіліктің ақтық жарысы өткен – 24-і күні Қараман Абдулкаримов «штанганы эккипировкасыз шалқалап көтеру» бойынша 217,5 кг нәтижемен бірінші орынға шықты.

- Өткен жылы мен әлем чемпионатында екінші болған едім, - деп әңгімеледі рекордшы. – Бұдан соң 2019 жылы алтын медаль ұтып аламын және әлемдік біріншіліктің үш мәрте жеңімпазы атанамын деген мақсат қойдым. Мұндай жағдайда маған спорттың олимпиадалық емес түрінен еңбек сіңірген спорт шебері атағын алуға құқық береді. Мен өзімнің арманыма жеткенім үшін қуаныштымын.

Қараман Абдулкаримов – Облыстық кешенді спорт мектебінің түлегі, енді қазір Қарағанды облыстық Жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі. Ол жарыстарға тек өзі ғана қатысып қоймайды, сонымен бірге өзінің туған Ағадыр кентінде балаларды да жаттықтырады. Айтпақшы, әлем чемпионының басты тәлімгері өзінің туған әкесі Дәрібай Оспанов. Бүгінде ол 70 жасқа толып отыр, бірақ оған бұл жас ардагерлер арасындағы халықаралық жарыстарда жүлделі орындар алуына кедергі жасамайды.

Баспасөз мәслихатында жас пауэрлифтингшілер де кейіпкер болды. Сол Қараман Абдулкаримовтың жаттыққан облыстық кешенді спорт мектебі тәрбиеленушілерінің Азия чемпионатында өнер көрсетуі ұрпақтар сабақтастығының тамаша үлгісі болды. Біздің сегіз спортшымыз - Марина Турпан, Вадим Сасин, Ярослав Пожарский, Полина Лыжник, Станислав Третьяков, Михаил Камалеев, Александр Курамшин және Александр Загревский  Гонконгта әр түрлі жаттығуларда 31 медаль жеңіп алды, оның ішінде 12 алтын, 14 күміс және бес қола жүлде бар!

Біз спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын тамаша өнер көрсетуімен құттықтаймыз! Рахмет Сіздерге! Зор табыстар мен жаңа жеңістерге жетіңіздер! – деп құттықтады халықаралық біріншіліктердің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика