Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 21 Маусым (05:17)
Официально

Язык: Қазақша

Семсерлесуден 2005 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты Қарағандыда бірінші рет (!) өткізіліп отыр.

- Семсерлесу бөлімін біз 2003 жылы ашқанбыз, - деп әңгімеледі жарысты ұйымдастырушы, Қарағандыдағы «Жалын» спорт мектебінің басшысы Майра Владимировна Исаева. – Сол жылы секцияда 25 адам айналысқан еді, қазір 116 адам бар. Ілгерілеу көрініп-ақ тұр ғой! Оның ішінде 2005 жылғы туған және одан кіші балалар арасында Қазақстан чемпионаты бірінші рет өтіп отыр, оның өзі Қарағанды қаласында. Балалар жарыстың үш түрінен – шпага, семсерлесу және қылыштасу түрінен сайысқа түседі. Осы біріншілікке еліміздің әр өңірінен жүзге жуық адам қатысып отыр. Біздің қылыштасуға қатысатын қыздарымыз қазірдің өзінде екінші, ұлдарымыз үшінші орынға ие болды. Енді басқа да түрлерінен медальдарға ие боламыз деп ойлаймыз.

Никита Васильев (фотода) үшін бұл республикалық дода оның өміріндегі бірінші ірі жарыс болып отыр. Ол Алматыдан келді. Никита тоғызда ғана, семсерлесумен үшінші жыл айналысады.

- Ұлыма бұл спорт түрі қатты ұнайды, - дейді кішкентай спортшының Қарағандыға өзімен бірге келген анасы. – Никита семсерлесумен қанағаттанарлық сезіммен айналысады. Балалардың одан да биіктерге ұмтылысы үшін мұндай жарыстар өте қажет. Бізді Қарағандыда жақсы қарсы алды, бәрі жақсы ұйымдастырылған. Чемпионатқа ұлым тыңғылықты және шынайы дайындалды, әрине іштей уайымдады да. Ол семсермен сайысады. Әзірше екі жеңіске ие және екі жеңілісі де бар. Медаль жеңіп алсақ, жақсы болар еді. Егер ала алмай қалсақ та уақасы жоқ – қатты ренжи қоймаспыз. Бұл чемпионат – ұлым үшін тамаша тәжірибе болмақ. Бұл оның спорт жолындағы алғашқы бастауы ғана!


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика