Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Қыркүйек (14:54)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандыда бастау алған жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатына қатысушы балалар саны рекордтық көрсеткішке жетті!

- 2006 және 2007 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында төртсайыс бойынша республикалық біріншілікке еліміздің әр өңірінен 174 бала келді, - дейді жеңіл атлетикадан Қарағанды облысының аға жаттықтырушысы Александр Сенькин. – Бұл турнирдің өткізіле бастағанына көп уақыт болған жоқ, бұл жолы оған қатысушы балалардың саны рекордтық көрсеткішке жетті. Төртсайыс жас спортшыларға бұдан әрі ересектердің жетісайысы мен сегізсайысына өту үшін белгілі бір серпін береді. Немесе балаларда, ең аяғы, жеңіл атлетиканың белгілі бір түрімен айналысуды таңдап алуына алғышарт болады. Басқаша айтқанда таңдау алдындағы тамаша серпін.

Төртсайысқа ұлдардың 60, 800 метрге жүгіруі, ұзындыққа секіруі, доп лақтыруы, қыздардың 60, 500 метрге жүгіруі, ұзындыққа секіруі, доп лақтыруы кіреді. Қарағанды облысының атынан сайысқа түсіп жатқан жас жеңіл атлеттер жеңіске жететіндіктеріне сенімді!


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика