Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 25 Маусым (04:18)
Официально

Язык: Қазақша

Қарағандылық Антон Антропов ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Жарыс Сува қаласында (Фиджи аралы) өтуде. Облыстық кешенді спорт мектебінің тәрбиеленушісі, 19 жастағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері Антон Антропов қоссайыс қосындысында әлемдік біріншілікте екінші орын алды. Оның алтын медаль жеңіп алуына күші шамалы ғана жетпей қалды, бірақ талантты жас спортшының шығар биіктері әлі алдыда!

Айта кетейік, жуырда өткен Қазақстан чемпионатында ол жеті (!) рекорд жасады – жұлқи көтеруде – 155 кг, итере көтеруде – 205 кг көтеріп, қоссайыс қосындысын 360 кг жеткізген еді. Оның аталған түрлердегі әрбір көрсеткіші еліміздегі таңдаулы көрсеткіш болды! Антонның әлемде таңдаулы болатыны сөзсіз! Ауыр атлетиканың жаңа туып келе жатқан жарық жұлдызын Иван Сергеевич Снегуров жаттықтыруда.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика