Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 21 Маусым (05:47)
Официально

Язык: Қазақша

«Бригантина» жазғы спорттық-сауықтыру лагері балалардың бірінші тобын қабылдады.

Жас жеткіншектер үшін бұл белсенді демалыс аймағы 1974 жылы Чкалов су қоймасының жағалауында (Қарағанды қаласынан 32 км) пайда болды. 2001 жылы лагерь дене шынықтыру және спорт басқармасына берілді, ол облыстық мамандандырылған «Жалын» спорт мектебінің иелігінде. Оның сегіз гектардан тұратын аумағында - алты тұрғын үй ғимараты, асхана, медпункт, душ бөлмесі, жазғы күркелер орналасқан. Волейбол, баскетбол, жағажай волейболы ойындары үшін спорттық алаңдары, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ғимарат, сондай-ақ балалардың шомылуына арналған жағажай жабдықталған. Таңғы ас, түскі ас, бесіндік ас және екі рет кешкі ас беріліп, бес мезгіл тамақтандырылады. Рационы калориялы және әртүрлі.

Лагерьде облыстың қалалары мен ауылдық аудандарынан, спорт мектептерінен, балалар үйлерінен, көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан келген 7 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер сауықтырылады. Олар үшін мұражайларға, хайуанаттар бағына экскурсиялар, Қарағандының орталық саябағында серуендеу ұйымдастырылады. Спорттың тоғыз түрінен (футбол, волейбол, баскетбол, жағажай волейболы, пионербол, үстел теннисі, дойбы, көңілді старттар, армреслинг) кіші спартакиада өткізіледі. Әрине, ауада қозғалмалы және қызықты ойындар, байқау-ойын-сауық бағдарламалары, көлде шомылу және жағажайда демалу, кешкі уақытта шағын кинотеатр мен дискотекада фильмдер көру! Сонымен қатар, балалар көлдің маңында сегіз шақырым қашықтықта туристік жорықта өздерін сынап көреді. Жас спортшылар шеберлік-сыныптары мен көрсетілімді ойындар өткізеді.

- 2018 жылы «Бригантинада» 439 бала демалды, - деп нақтылады Майра Исаева, «Жалын» спорт мектебінің басшысы. – Биылғы жылы көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін сауықтыруға төрт миллион 900 мың теңге бөлінді. Лагерьде 600 баланың демалысын жақсы өткізуді жоспарлап отырмыз, бүгінгі күні (4 маусым) 401 баладан алдын ала өтініш түсті. Егер баласын «Бригантинаға» демалдыруға жібергісі келетіндер болса, 43-06-89 телефонына қоңырау шалуға болады.

2019 жылдың маусым-тамыз айларындағы келу кестесі:

1 маусым – 07-16 маусым;

2 маусым – 18-27 маусым;

3 маусым – 29 маусым-8 шілде;

4 маусым – 10-19 шілде;

5 маусым – 22-31 шілде;

6 маусым – 02-11 тамыз;

7 маусым – 13-22 тамыз аралығында.


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика