Вверх
Спортивный портал Новости, анонсы, события, новости спорта Смотреть

official.karsport.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Мемлекеттік мекемеcі
Соңғы жаңарту: 23 Қыркүйек (15:13)
Официально

Язык: Қазақша

Абылайхан Жүсіпов беделді біріншілікте алтын медаль жеңіп алды!

Атырауда халық батырлары Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир аяқталды. Бұл біріншілік Азиядағы ең бастылардың бірі болып табылады, ол AIBA күнтізбесінде (халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы) «А» санатына кіреді. Оған 100-ге жуық адам қатысты, олардың арасында Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Қазақстаннан келген былғары қолғап шеберлері бар. Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісовті еске алуға арналған жарыстың негізгі мақсаты әуесқой боксты насихаттау және дамыту, сондай-ақ қазақ батырларын әлемге таныстыру болып табылады.

Осы айтулы халықаралық біріншілікте біздің жерлесіміз Абылайхан Жүсіпов 69 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана Софияда өткен турнирде қарағандылық боксшы екінші орынға ие болған еді. Өзінің жеңіске жеткен жартылай финалында 69 келіге дейінгі салмақта Аблайхан Жүсіпов украиндық Евгений Барабановты тізе бүктіргенімен, қолын жарақаттап алған болатын. Бапкерлер штабы оны Өзбекстаннан келген боксшымен финалдық жекпе-жекке жібермеу туралы шешім қабылдады. Бірақ қарағандылықтың күміс медальді жеңіп алуының өзі тамаша нәтиже болды!

Ал Атырауда халықаралық біріншіліктің алтынын жеңіп алды! Олимпиада-2020 қатысуға лицензия алу үшін күресетін Аблайхан Жүсіповке сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!


Вернуться назад

Аптаның тақырыбы

«Қарағанды облысының туризм, дәне тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ
Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
© 2013 Әзірлеу және қолдау:
Интернет-компания «Creatida»
Яндекс.Метрика